Ақ (ақ тағам)

 

 

Түркі мәдениетіндегі кез келген ақ киелі, әсіресе сүт пен сүт өнімдері тағамдарына қатысты. Қазақтың Наурыздағы алғашқы және басты тілегі – «Ақ мол болсын!» осыған негізделген. Қазақ мәдениетінде ақ ретінде түрлі сусындар, сүт тағамдары – қымыз (бие сүті), шұбат (түйе сүті), айран (ашытылған сүт өнімі) қабылданды: сүт тағамдары өте алуан түрлі болды.
 

Дәстүрлі түркі нанымдары бойынша сүтті жерге төгуге болмайды, бірақ оны дайындалған бұйымға, мысалы, киіз кілемге шашу әдеті болған. Башқұрттар сүт пен сүт өнімдерін тұмар деп санаған, ал моңғол мәдениетінде олар өлкенің аруақтарына, ата-баба аруағына, т.б. тарту ретінде қызмет еткен. Қасиетті сусындар санатына ең алдымен қымыз жатады.
 

Эпостарда оған адамға асқан құдірет беру қасиеті берілген, соған шомылу дала сұлуларының сұлулығын ұзартқан. Қазақ мәдениетіндегі алғашқы сауын және қымыз өндіру процесі көктемгі үштік: «бие байлау», «қымықмұрындық» және «айғыр қосу» салт-жораларымен атап өтілген. Бұл салт-жоралар айқын ғұрыптық сипатқа ие және олардың жеке құрамдас бөліктері зұлымдық пен ізгі рухтар туралы наным-сенімдермен, ата-бабалар культімен және жылқы культімен (ежелгі әмбебап құнарлылық культінің бір көрінісі) байланысты әрекеттерді көрсетеді.
 
 

Әлемнің барлық халықтары, соның ішінде қазақтар да ана сүтін ерекше қастерлеген, оған сиқырлы, киелі қасиеттер тән болды. Сондықтан күйеу жігіттің үйлену тойында бағалы сыйлық – «ана сүтінің ақысы» (ана сүті үшін төлем) болған.
 

Дәстүрлі «Аққа» қасиетті мереке күндері әзірленетін ғұрыптық тағам – наурыз көже де қатысты. Бұл тағамның құрамына міндетті түрде жеті (культтік сан) ингредиент кіреді, яғни су, тұз, бидай ұны, сүт (айран немесе сүт), құрт (құрғақ ашытылған сүт өнімі), жарма және жылқы еті (қазы).
 

Тағамның осы жеті құрамдас бөлігі келер жылдың әл-ауқатын, молшылығын білдіреді.

.